Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,

Достық даңғылы, 172, Бизнес орталығы "Қашаған"

«Казинвестбанк» АҚ заңды тұлғаларына

«Казинвестбанк» АҚ заңды тұлғаларына: «Альфа-Банк» ЕБ АҚ ынтымақтастық жасауға қатысты


Құрметті салымшы!

Осы хат «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ жіберетін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан ары — Кодекс) 395 бабында қарастырылған Оферта болып табылады.

Осы арқылы Сізге, «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ, 5 тамыз 2009 жылғы № 176 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының Қаулысымен бекітілген басқа банкке (басқа банктерге) банктік операциялар жүргізуге лицензиядан айырылған банктің операцияларын жүргізу мен банктік активтерін және міндеттемелерін тапсыру Ережелеріне сәйкес, «Казинвестбанк» АҚ активтері мен міндеттемелерінің жартысын алатын банк болып табылады.

Лицензиясынан айырылған банктік активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде тапсыру рәсіміне, ағымдағы жылдың наурыз-сәуірінде «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ «Казинвестбанк» АҚ активтерінің сапасын бағалау жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша, «Казинвестбанк» АҚ заңды тұлғаларының депозиттерінің бір бөлігін қабылдауға жеткілікті «Казинвестбанк» АҚ активтерінің бөлігін заңды тұлғалардың депозиттерінің бүкіл салмағынан 20%-30% аспайтынын «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ қабылдауға дайындығы туралы хабарлады.

Егер заңды тұлғаның қабыланатын депозитті қайтару әлеуеті жеткіліксіз несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ететін болса, заңды тұлғаның депозиті қабылданатын бөлігімен қабылдауға дайын екендігін, тек заңды тұлғаның депозитінің қабылданатын бөлігі қабылданатын, оның ішінде қайтару әлеуеті төмен несиелері және жұмыс істемейтін қарыздарымен танылған «Казинвестбанк» АҚ-ның активтерін «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ қабылдайтындығын хабарлайды. 
Сіздің компания «Казинвестбанк» АҚ салымшысы болып табылатындығын, ал «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ «Казинвестбанк» АҚ-ның міндеттері мен активтердің бір бөлігін алынатындығын назарға ала отырып, Сіздің компанияның депозиттерін «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ-не тапсыру талаптарын қарауға Сізге ұсынамыз, оның мәні келесіде

  1. Сіздің компанияға тиесілі салымның жартысы, қайтару әлеуеті жеткіліксіз «Казинвестбанк» АҚ-ның қабылданатын қарыздары бойынша нөлдік сыйақы мөлшерлемесімен қамтамасыз етуге (кепілге қоюға) айналады;
  2. Қарыз алушылардың қабылданатын активтері бойынша негізгі қарызды өтеу шегіне қарай, («Казинвестбанк» АҚ Қарыз алушыдарының несиелері) салымның жартысын Сізге «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ қайтарады
  3. Сіздің компанияның салымының жартысы, Қарыз алушының қабылданған активтер бойынша қарыздарын өтеу шегіне қарай, заңды тұлғлардың тапсырылатын барлық депозиттеріне пропорционалды түрде өтелетін болады.

Осы ретте, назар аударыңыз! Банк заңды тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету үшін қабылдауға дайын активтердің көлемінен, өтінімдердің көлемі асып кеткен жағдайда, депозиттер ішінара, бірдей пропорциямен, мына келтірілген есептеумен қабылданатын болады:

N=K/T

мұнда:
N — әрбір қатысушының қабылданатын депозитінің үлесіне тең пропорция;
K — қабылданатын активтердің көлемі (бекітілген ауқым 13 млрд.тг. жуық);
Т — осы офертаға сәйкес, қатысушылар берген, депозиторлардың өтініштерінің жалпы көлемі. 
Офертадан бас тартқан жағдайда, депозит КИБ толық көлемде сақталады және таратылатын салмаққа түседі.
«Альфа-Банк» ЕБ, АҚ ынтымақтастық талаптарын қабылдау үшін, біздің мекенжайға құжаттардың келесі түрлерін жіберуіңізді сұраймыз:

  1. Команияның атауы және БСН;
  2. Компанияның банктік деректемелері (банктік шоттың нөмірі, және банктің БСК);
  3. Компанияның заңды заңды мекенжайы, телефоны, компанияның факсі;
  4. Депозит сомасы (есептелген сыйақының ескермей) «Казинвестбанк» АҚ;
  5. Сіздің компанияңыздың уәкілетті органының «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ-на берілетін «Казинвестбанк» АҚ депозитінің бөлігін кепілге беру туралы келісімі, «Казинвестбанк» АҚ заңды тұлғаларының міндеттемелері бойынша, олар сондай-ақ «Альфа Банк» ЕБ, АҚ-на толық көлемде өтеді, оның шарты салымды бірітіндеп төлеу, Борышқорлар міндеттемелерді өтеу шегіне қарай;
  6. «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ-мен жасалатын Кепіл туралы шарттың ұсынылатын жобасына қол қоюға Компанияның келісімі;
  7. Кепілді босату бойынша операциялар жүргізу үшін қолданылатын, «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ бөлек, ағымдағы шотты ашуға және жүргізуге келісімі;
  8. Компанияның «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ есеп-кассалық қызмет көрсету тарифтеріне келісімі;
  9. Осы офертаға қол қойған құжаттардың көшірмелері.

Осы оферта күшіне Кодекстің 396 және 397 бабында қарастырылған тәртіпте «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ Акцепт ұсынған кезден бастап енеді (жоғарыда көрсетілген мәліметтер мен құжаттарда «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ, сондай-ақ Сіздің компанияның уәкілетті тұлғасының қолы мен мөрі бар жауап хатын жіберу) .

Осы Офертаның акцепті мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қ., Масанчи көш. 57А үй
Акцептті қабылдау мерзімі 15.05.2017 ж. дейін.
«Альфа-Банк» ЕБ, АҚ-мен ынтымақтастық жасаумен байланысты мәселелер бойынша 
+7 771 936 2708 телефонына жүгінуге болады (Смородинцев Станислав Евгеньевич), сондай-ақ Сіз мәселелерді электронды поштаға жібере аласыз OfertaKIB@alfabank.kz

Түсінікке және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.

http://kib.kz/Download/File/ef988d15-6ed9-453a-860a-a46fa184cec6

http://kib.kz/Download/File/79da1b65-101c-4923-b42d-6f9122ba339f

http://kib.kz/Download/File/5a0e219c-06c8-4242-911f-913ba6f52f40

http://kib.kz/Download/File/5d3ecea8-616a-494a-b3f7-685dbf0285b0