Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,

Достық даңғылы, 172, Бизнес орталығы "Қашаған"

Бас офисы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Достық даңғылы, 172, Бизнес орталығы "Қашаған"
+7 (727) 330 00 77

Бөлімдер мен байланыстар

«Қазинвестбанкі» АҚ
21.03.2008 жылғы № 221 лицензиясы
Қазақстан Республикасының Қаржылық нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау жөніндегі агенттігімен берілді
Реквизиттер:
БСН 940540000429
БСК KAZSKZKA
КБЕ 14
ЖСК KZ53920RKAC200904820
«Қазинвестбанкі» АҚ (бұрынғы "КазИнтерБанк") 1993 ж. құрылды. 2004 жылдан бастап Қазинвестбанкі банкілік қызметтің толық спектрін көрсетуге барлық қажетті лицензияларды алып, коммерциялық банк ретінде белсенді түрде дами бастады. Басқарушы топтың орасан зор тәжірибесінің арқасында біздің банкіміздің жұмысы икемділігімен, ұшқырлығымен, шешім қабылдаудың жеделдігімен және әр клиентке жеке жол таба білуімен ерекшеленеді. Басты басымдығымыз корпоративтік басқарудың тек жоғары стандарттары, мөлдірлік және кәсіби біліктілік болып табылады. Бүгінгі таңда Қазинвестбанкі – бұл Қазақстанның серпінді де болшағы зор коммерциялық банктерінің бірі. Халықаралық тәжірибені тиімді пайдалану мен инновациялық технологияны ендіру арқасында салыстырмалы тұрғыда қысқа мерзім ішінде біз еліміздің қаржы нарығына сеніммен қадам бастық және пәрменді даму үстіндеміз. Біздің қазақстандық банктің бірегей үлгісін жасау мақсатымыз жергілікті және батыс қаржы институттарының үздік тәжірибелері мен жетістіктерін тиімді пайдалану біздің және біздің клиенттеріміздің бизнестегі нақты табыстарға қол жеткізе отырып, болашаққа сеніммен қарауына жол ашады, бұл сенім сөзсіз түрде еліміздің бүкіл іскер ортасының табысына мүмкіндік туғызатын болады. Біз алдағы уақытта да өзі клиенттеріміздің мүддесінде қызмет етуге әзірміз және Сізді де өз клиенттеріміз қатарынан көруге қуаныштымыз.

Банк тарихы...

Әлеуметтiк және экологиялық жауапкершiлiк

ШАҒЫН, ОРТА ЖӘНЕ ІРІ КӘСІПКЕРШІЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ БАНК ӨНІМДЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ӘР ҚИЛЫ ТҮРЛЕРІН ҰСЫНАТЫН, ЭКОНОМИКАНЫҢ ӘР ТҮРЛІ САЛАЛАРЫНА ЖҰМЫЛДЫРЫЛАТЫН ҚАРЖЫ ИНСТИТУТЫ БОЛЫП ТАБЫЛА ОТЫРЫП, БІЗ ӨЗІМІЗДІҢ БИЗНЕС ШЕШІМІМІЗДІҢ ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАН ҚОҒАМЫМЫЗ БЕН ЭКОЛОГИЯҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІНІН ТҮСІНЕМІЗ.

«Қазинвестбанкі» АҚ мақсаты қоғам мен экологияға үйлесімді банкілік қызметтер мен өнімдер ұсыну болып табылатын жауапты қаржылық серіктес болуға ұмтылады. Біз өз клиенттерімізге экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді тиімді басқаруға және олардың бизнестерінің тұрақты дамуы үшін дұрыс шешім табуға көмектесуге тырысамыз. Банк экономиканың әр түрлі секторларындағы белгілі бір мәмілелер мен транзакциялардың потенциалды әлеуметтік және экологиялық тәуекелдерін бағалауға және басқаруға қажетті айқын да кешенді тәсілдемені меңгерген. Біздің стандарттарымызды Азия Даму Банкі сияқты ұйымдар ретіндегі әлеуметтік және экологиялық басқару саласының көшбасшылары растады. Біздің саясатымызға сәйкес Банк табиғи энергияны сақтауға, табиғат ресурстарын дұрыс пайдалануға, адами факторды орынды және жол берілетін шамада пайдалануға бағытталған жобаларды қаржыландыруға ұмтылады. Біз әлеуметтік және экологиялық тәуекелдерді сәтті басқару үшін процестерді, өнімдерді және қызметтерді үнемі жақсартып отырамыз. Толығырақ ақпарат алу үшін Банк қызметкерлеріне хабарласуыңызға болады.